Accessibility links

Күрд сепаратистеріне қарсы соғыс қимылдарына Түркия 200 мыңнан астам қолын жұмылдырды


СТАМБУЛ. Стамбулдан “Азаттық” тілшісі хабарлағандай, Түркия армиясы күрд сепаратистеріне қарсы ауқымды соғыс қимылын бастады. Армия бөлімдері Иранмен және Ирақпен арадағы шекараны толық жапты. Соғыс қимылдарына түрік армиясының 3/1-і – 200 мыңнан астам қол жұмылдырылды. Соғыс операциясының мақсаты – шекара аумағындағы күрд жасақтарын жою және Ирақтың солтүстігінен жаңа күрд жасақтарының өтуіне тосқауыл қою болып отыр. Ирақтың солтүстігінде 3 мыңдай күрд сепаратисі шоғырланған. Түркияның НТВ телеарнасының ақпары бойынша, соғыс операциясы жазға дейін жалғасады. Бірақ түрік армиясының мәлімдеуінше, Ирақтың солтүстігіне басып кіру жоспары жоқ. Заңсыз деп танылған Күрдтердің жұмысшы партиясы Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құруды көздейді. Бірақ ресми Анкара одай мүмкіндік жоқ деп санайды.
XS
SM
MD
LG