Accessibility links

Чернобыль апаты – Украина мен Беларусьтің және Ресейдің үлкен аумағын радиациямен ластады


СЛАВУТИЧ, УКРАИНА. Украинаның Славутич қаласында қолдарына шырақ ұстаған жұрт Чернобыль апатының 20-жылдығын атап өтуде. Чернобыль атом электр стансасында 1986-ншы жылдың 26-ыншы сәуірінде болған апат - әлемдегі ең зор техногендік апат болып есептеледі. Чернобыльдің жұмысшылары үшін тұрғызылған Славутич қаласының көшелеріне жүздеген адам шықты. Бүгін түнде Украина президенті В.Ющенко “Чернобыль шіркеуіне” келіп, апат құрбандарына арналған мемориалға гүл шоғын қойды. Мәскеу уақыты бойынша тағы сағат 1.23-те 1 минуттық үнсіздік жарияланады. 20 жыл бұрын Чернобыльдегі жарылыс одан 1 минут ерте болған еді. Жарылыс пен оның ізінше шыққан өрт ауаға бүкіл Еуропаға жайылған радиацияны көтерді. Чернобыльдің төртінші реакторының жарылысы Украина мен Беларусьтің және Ресейдің талай аумағын ластады.
XS
SM
MD
LG