ТЕҺРАН. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі белгілеген соңғы мерзім – 28-інші сәуірден кейін Батыс Иранның уранды байыту жұмыстарын тоқтату үшін Теһранға қарсы қатаң жаза қолданатын болса, онда Иран өзінің ядролық бағдарламасын жасыратынын мәлімеді. Оған қоса ресми Теһран өзінің ядролық технологиясын өзге елдерге, оның ішінде дағдарысқа ұшыраған Судан еліне беруі мүмкін екенін ескертті. Иранның ресми өкілі Әли Лариджанидің айтуынша, Иранға қарсы қысымның күшеуі – оның МАГАТЭ-мен байланысын үзуге мәжбүрлей түседі. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Иранның осылайша қыр көрсетуі бұл елді халықаралық қауымдастықтан алыстата түседі деп атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV