БАҒДАД. Ирақтағы түрлі саяси күштердің қаруды тастаудан бас тартуы – елді азамат соғысына душар етуі мүмкін. Кеше теледидардан сөйлеген сөзінде Ирақтың жаңа тағайындалған премьер-министрі Джауад Әл-Малики осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық қару-жарақ мемлекеттің қарамағында болуға тиіс. Әл-Малики шийттер мен сүнниттерді және күрдтерді елдегі қантөгісті ауыздықтауға, жанкешті-лаңкестердің шабуылдарына бірігіп тойтарыс беруге шақырды. Осындай қастандық шабуылдар – АҚШ бастаған күштердің Ираққа басып кірген 2003-інші жылдан бері мыңдаған халықты құрбан етті. Шийттердің өкілі болып табылатын Әл-Мәлики ұлттық бірлік үкіметін жасақтау үшін келіссөз жүргізе бастады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV