Accessibility links

Мырыс үкіметі Даһа курортындағы 3 жарылыстан да “Әл-Қаиданың” ізін тапты ма?


ҚАЙЫР. Мысыр үкіметі Даһа курортындағы 20-дан астам адам қаза болған 3 жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 30 кісіні тұтқындағанын мәлімдеді. Радикалды ислам ұйымдары бұл қастандыққа қатысы жоқтығын айтуға асықты. Мысырдағы тыйым салынған “Мұсылман бауырластығы” тобының көсемі бұл қастандыққа наразылығын айтса, экстремистік “Хамас” ұйымы оны “адамзаттың барлық құндылығына қарсы қылмыстық шабуыл” деп бағалады. Бұл шабуылды әзірше ешбір ұйым мойнына алған жоқ. Мысырдың қауіпсіздік күштері бұл қастандықтан “Әл-Қаида” ұйымы бөлімі ізі байқалады деп мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG