Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Ош қаласында митинг өткізді


Онда қылмыс топтарының саяси ықпалы доғарылсын деп талап қойылды. Митингке отыз шақты белсенді қатысты, олар демократиялық реформаға тосқауыл қойылмасын деп үндеу айтты. Митингті ұйымдастырғандардың бірі, Ош облысының бұрынғы әкімі Анвар Артықов билік тарапынан митингке кедергі жасалмақ болды деп сипаттады. Жергілікті билік тарапынан митинг жайында әзірше пікір білдірілген жоқ.
XS
SM
MD
LG