ТЕҺРАН: Иран тағы да АҚШ жағына қарай сес көрсетті. Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей: “егер Америка өз еліне соққы беретін болып шешсе, онда АҚШ-тың әлемдегі бірде-бір мекемесі қатерден құтыла алмайды”, -деп қорқытты. Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджад: “Егер халықаралық ұйымдар мен мекемелер ережеге сай және біздің заңдық құқымызды ескеретін шешім қабылдаса, онда біз ондай шешімді сыйлаймыз... Олар МАГАТЭ-ні немесе Қауіпсіздік Кеңесін бүркемеленіп, бізге қарсы шешім қабылдай алмайтынын олар білуге тиіс”, деп өз елінің ядролық ізденістерге толық құқы барлығын тағы қайталап айтты. Осы жұма күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға қарсы жаза қолдану керек пе, жоқ па деген мәселені талқылауға жиналады.