Accessibility links

Ирақтың жаңа премьер-министрі үкіметке тек лайық тұлғаларды алуға сөз берді


БАҒДАД: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс пен қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ирақтағы жаңа премьер-министр Нури Әл-Мәликидің елді біріктіру міндеттемесін алып отырғанына дән риза. Райс пен Рамсфельд Бағдадта Әл-Мәликимен кеше кездесті. Ол сүнниттердің көтерілісін басу үшін ұлттық бірлік үкіметін жасақтап көрмекші. АҚШ-тың қорғаныс министрі Рамсфельд: “Біз енді Ирақтың жоғарғы жаңа үкіметін – бірінші үкіметін жасақтайтын маңызды сәтке келдік. Бұл - өтпелі кезеңнің үкіметі немесе уақытша үкімет емес, басқару кеңесі де емес. Бұл – Ирақтың үкіметі, бұл өте маңызды нәрсе. Бұл – жоғарғы үкімет, олар ғажап жетістікке ұмтылуда”, -деп мәлімдеді. Әл-Мәлики - бүкіл Ирақ қоғамын қамту үшін үкіметке тек лайық тұлғаларды тағайындауға сөз берді.
XS
SM
MD
LG