ВАШИНГТОН: Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиева көрші Иранға қарсы АҚШ соғыс қимылдарын бастайтын болса, оған өз елінің қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл ойын Әлиев кеше Вашингтонда білдірді. Оның айтуынша, Әзірбайжан Иранмен бір-біріне басып кірмеу туралы екі жақты келісімге келген. И.Әлиев АҚШ президентімен жұма күні кездеседі және оның барысында Иранның ядролық проблемасы да сөз болуға тиіс. Вашингтондағы маңызды зерттеу орталығында Әзірбайжан лидері өз еліндегі демократияның дамуы барысын қорғап бақты: “Көрші елдерге қараңыз! Әзірбайжандағы демократияның деңгейі – көрші кез-келген елдегіден төмен деп ойламаймын...” -деп мәлімдеді И.Әлиев. Оның айтуынша, Ақ үйдегі келіссөз барысында Әзірбайжандағы демократияның дамуы мен Иранның ядролық проблемасына дейінгі ауқымды мәселелер талқылануға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?