Accessibility links

Қазақстанда діни бірлестіктермен байланыс жұмыстарын атқаратын комитет құрылды


Қазақстанның әділет министрлігінде діни бірлестіктермен байланыс жұмыстарының барлығын өз мойнына алатын комитет құрылды. Бұл туралы Астанада көкектің 27 күні осы дін істері жөніндегі комитет төрағасы Ералы Тоқжанов хабарлады. Кейбір діни ұйымдар шет елден келетін эмиссарлардан қорғану үшін жаңа орган керек деп отыр. Ал, қайсібір саясаткерлер болса, Қазақстан билігі бүкіл дін идеясын мемлекеттің табан астында қалдырғысы келіп отыр дейді.

Негізі бұл комитетті құру жөніндегі үкімет қаулысы бірінші қаңтарда шыққан, бірақ, қызметкерлерді тағайындап, бөлмелерді алып, облыстардағы бөлімшелерді ашқанымыз қазір, дейді жаңа комитет басшылығы. Қазір облыстардағы бөлімшелер саны 102 болған. Бұған дейін, премьер-министрдің кеңсесінде діни бірлестіктермен байланыс бөлімі ғана болған және ол тек кеңес беретін орган болатын, дейді әділет министрлігінің өкілдері. Ал, саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, Қазақстан үкіметі дінді өз саясатына қолайлы болу үшін жаңа орган құрып, бақылап отырғысы келеді:

- Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан діні бөлініп шықаннан кейін діни мекемелер үкіметпен өз ара қатынасын үзген жоқ. Мемлекет дінді өз саясатына байланысты қадағалап, бақылап отыр. Бірақ, оның нақты, заңды түрдегі орны не мекемесі болмаған. Сондықтан, бұл бұрыннан келе жатқан жағдайды заңдастыру сияқты.

Ресми ақпарат бойынша комитет діни бірлестіктермен байланыс жұмыстарының барлығын өз мойнына алады. Комитет құрамына конфессиялар мен мемлекеттік орган мүшелері кіреді. Дін істері жөніндегі комитет төрағасы Ералы Тоқжановтың айтуынша осындай мемлекет қадағалауы болу керек:

- Дін мемлекеттен бөлек заң бойынша, бірақ, дін қоғамнан бөлек емес. Сондықтан бұл тұрғыдан келетін болсақ біз бұл мәселемен айналысамыз. Бұл қоғамда маңызды мәселе болғансоң осындай комитет құрылып отыр.

Кейбір діни бірлестік өкілдеріде жаға орган керек деп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Әбсаттар Қажы Дербісәлінің айтуыншада орган керек, себебі қазір Қазақстанда неше түрлі діни ағымдар көбейіп барады. Сондықтан, мұсылмандар діни басқармасы жер - жерлердегі мешіттердің барлығын өзінің бөлімшелері етіп қайта тіркеуден өткізуде деп хабарланады. Ал, жаңа орган бұл жұмысқа септігін тигізеді деп хабарланып отыр. Бірақ, бірқатар мешіттер әзірге бөлек заңды тұлға болып қалған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, жалпы, Қазақстан бойынша 1700-ден астам мешіттің 200-ге жуығы республиканың әділет министрлігінде тіркелмеген. Кейбір дінтанушылар ол жерде зікір салатындар жұмыс істейді және Қазақстандағы дәстүрлі мұсылман дінінен өзге бағыттарды уағыздайды деп отыр, бұл өз кезегінде бейберекетсіздікке әкеліп соғады, деген пікір бар. Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Аманбек Мұқашевтың айтуынша бұған дейін жаңадан ашылған ғибадатханамен мешіттерді жергілікті орындарда әділет министрлігінің басқармалары тіркеп келген. Енді бұл жұмысты жаңадан құрылған мемлекеттік орган атқармақшы.

- Бұл жағдай мешіттердің діни басқармаға бағынбайтыны тек қана Қазақстанда. Себебі, Қазақстанда 40-тан астам дін түрлері ұйымдары бар десек, бәрі өз орталықтарына бағынады. Мысалы, православие дін өкілдері шіркеу салу үшін Мәскеуден рұқсат алып келеді, католиктер Ватиканнан алып келеді. Ал, бізде ауылды жерлерде мешіт болмағандықтан, үкімет оған көмектеспейтіндіктен қалталы кісілер мешіт салып жатыр. Осы кәсіпкер «мен өз имамымды қоям» деп, діни бірлестік құрып алады өзінше. Сондықтан біз оны қайтадан қарауға тиістіміз, - дейді Аманбек Мұқашев.

Ал, Астана қаласы христиандарының өкілі Серапион ғибадатхананы тіркеуден өткізу үшін қазіргі билікке елде 100 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп жатқанымызды дәлелдеу үшін көптеген табалдырық тоздыруға мәжбүр болдық, дейді.
XS
SM
MD
LG