БАҒДАД. Ирақтағы 2 экстремистік топ Ән-Насирия қаласындағы әскери керуенге қарсы жасалған шабуылды өз жауапкершілігіне алды. Оның барысында Италияның 3 және Румынияның 1 жауынгері қаза болды. “Ирақтағы Ислам армиясы” және “Имам Хусеиннің бригадасы” деп аталатын 2 топтың бұл мәлімдемесі Интернетке шықты. Кеше Бағдадта Ирақтың вице-президенті әрі сүнниттердің белгілі саясаткері Тариқ Әл-Хашимидің қарындасы Мейсун Хашими тасадан жасалған шабуылдан қаза тапты. Оның оққағары да оққа ұшты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV