Accessibility links

МАГАТЭ - БҰҰ-ының қойған шартын Иранның орындамағаны туралы есеп береді


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Иранның ядролық бағдарламасы туралы жаңа есебін береді. Құжатта Иранның уранды байыту жұмысын тоқтату туралы Ұлттар Ұйымының шартын орындамағаны айтылатын тәрізді. Иран басшылығы өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін дәлелдеп келсе, ал АҚШ одан ядролық қару шығаруды көздейді деп күдіктенеді. Кеше НАТО елдерінің сыртқы істер министрлерімен Болгария астанасындағы келіссөзі барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Қауіпсіздік Кеңес Иранға қарсы шара қабылдауға дайын болуға тиіс деп мәлімдеді. БҰҰ-ы Ираннан уранды байыту жұмысын толық тоқтатуға бүгінге дейін уақыт берген болатын. Алайда кеше Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджад Теһранның ол шартты орындамайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG