Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран уран байытуын тоқтатқан жоқ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі белгілеген отыз күндік соңғы мерзім талабын орындаған жоқ деп мәлімдеді. АҚШ пен Британия Қауіпсіздік кеңесін Иран уран байтуын тоқтатсын деген міндеттеме қоятын қаулы қабылдауға шақырамыз дейді. АҚШ президенті Джордж Буш Иран ядролық қаруға қол жеткізбеу керек деген елдердің нақты коалициясын құрып жатырмыз, дипломатиялық жұмыс енді басталды деді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бес тұрақты мүшелерінің сыртқы істер министрлері мәселені 9 мамыр күні талқыламақ.
АҚШ пен Британия Иранға қатысты қатаң дипломатиялық шара қолдануды қарастырамыз деп мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV