Accessibility links

Талибан өкілі Ауғаныстандағы үндістандықтарды Американың тыңшысы деп айыптады


Талибан жасақтары Ауғаныстанда жұмыс істеп жатқан үндістандық мердігерлер 24 сағаттың ішінде елден шықпаса, оларды өлтіреміз деп айтқан. Талибан өкілі Қари Мохаммед Юсуф үндістандықтарды Американың тыңшысы деп айыптаған. Бір үнді азаматын оның ауғандық жүргізушісімен қоса Забул провинциясында ұрлап әкеткен. Осыған дейін де, талибан жасақтары Ауғаныстандағы шетелдік жұмыскерлерді ұрлап әкетіп, кейбірін өлтірген болатын.
XS
SM
MD
LG