Accessibility links

Дарфурдағы жағдай қалай шешілмек?


Суданның Дарфур аймағындағы соғысушы жақтар бейбітшілік жөніндегі келісімге қол жеткізу үшін бүгін соңғы әрекет жасауға тиіс. Судан үкіметі бұл келісімді қабылдауға дайын екендігін жариялады. Бірақ кейбір көтерілісшілер Африка Одағы делдал болған келісімге қанағаттанбай отыр. Хабарларға қарағанда, ұсынылған құжатта Судан үкіметін жақтайтын “Жанжауид” Араб тобы қарусыздануға тиіс делінген. Дарфурдағы қақтығыс осыдан үш жыл бұрын басталған болатын. Содан бері осы аймақта он мыңдаған адам қаза тауып, 2 миллионға жуық адам үйсіз қалды.
XS
SM
MD
LG