Бұл келісім бойынша, үш жылға созылған қанды қақтығыстарға нүкте қойылуы тиіс еді. Көтерілісшілер бейбіт келісімдерді қабылдамады. Бұл келісімге байланысты барлық пікіралысулар жексенбі күні аяқталуы тиіс болатын. Судан үкіметі болса аталған келісімге қол қоюға әзір екендіктерін бұдан бұрын хабарлаған еді. Уашингтонда мыңдаған адам Дарфур дағдарысын шешуге халықаралық қауымдастықты жұмылдыру үшін жиылыс өткізді. Сондай-ақ халықаралық шешуші қадамдарға қолдау көрсетуге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс Ресей, Қытай және басқа да елдерді шақырды.