Accessibility links

Сербия үкіметі қашқын генералын Гаага трибуналына ұстап беруге асықпайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін – 1-інші мамырда – Еуроодақтың Сербия үкіметінің алдына қойған шартының мезгілі аяқталды. Еуроодақ ресми Белградтан босниялық сербтер армиясының бұрынғы бас қолбасшысы Радко Младичті Халықаралық трибуналға ұстап беруін талап етіп отыр. Басқаша жағдайда Сербия мен Черногорияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша келіссөз тоқтатылады. Еуроодақты кеңейту мәселесіне жауапты өкілі Олли Рен қазіргі жағдайды Гаага трибуналының Бас прокуроры Карла дель Понте ханыммен 3-інші мамыр күні талдайтынын мәлімдеді. Соғыс қылмыстары үшін айыпталған генерал Младич 10 жылдан бері бас сауғалап жүр.
XS
SM
MD
LG