Accessibility links

Осы аптада Делиде үнді премьері мен Кашмир сепаратистерінің келіссөзі өтеді


ДЕЛИ. Үнді полициясының хабарлауынша, Үндістанға қарайтын Кашмир штатында мұсылман жасақтары кем дегенде 22 индусты өлтіріп кетті. Қарулы жасақ оларды Доба маңайында қатар тұрғызып тігінен атқан көрінеді. Тағы 5 индус жараланған. Бұл қастандық үнді премьер-министрі Манхоман Сингх пен Кашмир сепаратистерінің арасындағы осы аптада Делиде өтетін келіссөзінің қарсаңында болып отыр. Бүгін үнді ішкі істер министрлігінің Сри Пракаш Джайсвал:

“Мен Жамму және Кашмирдің халқын дүрлікпеуге шақырамын... Мұндай оқиғалар елде, әсіресе Жамму мен Кашмирде тыныштық орнатуға бөгет бола алмайды”, - деп мәлімдеді.

Кашмирді Үндістаннан бөлуді көздеген ислам бүлігі басталған 1989-ышны жылдан бері 40 мыңнан астам адам қырылды.
XS
SM
MD
LG