Accessibility links

Араб бүлікшілері халықаралық дәнекерлердің жоспарын қабылдамай отыр


ХАРТУМ. Cуданның Дарфур өлкесіндегі жанжалдасушы жақтардың өзара бітімге келуіне Африкалық одақ тағы 48 сағат уақыт берді. Араб бүлікшілері қаруды тастап, үкімет армиясымен бірігу туралы халықаралық дәнекерлердің жоспарын қабылдамады. Ресми биліктің үнсіз қарап отырғанын пайдаланған қарулы араб жасақтары соңғы 3 жыл бойы Дарфурдың қара нәсілді халқына тізесін батырып келеді. 10-даған мың халық қырылып, 2 миллионға жуығы босып кетті.
XS
SM
MD
LG