Accessibility links

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев министрлердің басым көпшілігінің отставкаға кету туралы өтініштерін қабылдамады


Бұл туралы бас министрдің орынбасары Абахан Мадумаров хабарлады делінген таратылған хабарларда. Кеше кемінде 13 министр қызметтен босату туралы өтініш түсірген. Үкіметтің өкілі Роза Даудованың айтуынша, мұндай қадам 28-сәуір күні Парламенттің министрлер кабинеті өз жұмысын лайықты атқара алмады деген сыңайда шешім қабылдағаннан кейін жасалған. Вице-премьер Мадумаров былай дейді:

- Ешқандай дағдарыс жоқ, қайта біз мұндай қоғам болғанына қуануымыз керек, түрлі пікір қайшылықтары болуы қажет. Парламент пен үкімет арасында бір-біріне деген сүйіспеншілік еш мемлекетте жоқ. Конституция бойынша парламент дұрыс шешім қабылдаған жоқ.

Өткен сенбіде Бішкекте ондаған мың адам шеруге шығып, ел билігінен терең реформалар жүргізуді талап еткен болатын. Кеше сондай-ақ Европа одағы Қырғызстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға алаңдаушылық танытқан мәлімдеме жариялады.
XS
SM
MD
LG