Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне Иранның ядролық бағдарламасы туралы қарар жобасы беріледі


Қытай өкілінің айтуынша, құжатта Иран халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр деп атап көрсетілген, бірақ онда Тегеранға қарсы санкциялар салуға деген шақырулар жоқ. 28-сәуірде Халықаралық атом қуаты агенттігі Иран уран байытуды тоқтату турасындағы халықаралық қауымдастықтың талабына құлақ аспады деп мәлімдеген болатын. АҚШ Иран ядролық қару жасауға ұмтылуда деп мәлімдеп келеді, ал Тегеран болса бұл айыптауларды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG