Accessibility links

АҚШ-та иммигранттардың құқын қорғап, 1 млн-нан астам адам көшеге шықты


Өткен дүйсенбі күні негізінен испан тілінде сөйлейтін жүздеген мың иммигрант жұмыстарын тастап Америка қалаларында наразылық білдіріп ереуілге көшелерге шықты. Осыншама халық иммигранттардың құқықтық мәртебесін шектейтін АҚШ Конгресінің қадамына қарсы ереуіл өткізді. Бұл мәселе талай аптадан бей-берекетсіз ұйымдастырылған жиналыстарда талқыланды. Дегенмен де, өткен дүйсенбі АҚШ экономикасында иммигранттардың қандай маңызды орын алатынын аңғартқандай болған ең ірі наразылық шарасына куә болды. “Азаттық” Радиосы иммигранттардың істеген жұмыстарына бойкот жариялап, наразылық шеруіне шыққанын қадағалаған болатын.

1-інші мамыр, дүйсенбі күні, Америка қалаларында – Нью-Йорктен Чикаго және Хьюстоннан Сан-Францискоға дейін 1 миллионнан астам адам ереуілге шықты. Бірақ ең үлкен ереуіл Лос-Анжелес қаласында болып өтті: “Ия, Сіздер оны істей аласыздар! Ия, сіздер оны істей аласыздар!”

Оңтүстік Калифорнияның Мексикадан автокөлікпен 2 сағаттың ішінде жете алатын бұл қаласы – АҚШ-тың испан тілділер ең көп тұратын мекені. Дүйсенбі күні негізінен испан тілінде сөйлейтін 400 мың халық, басым көпшілігі ақ киген, қала көшелерін бірнеше шақырымға созылып ағылған көлге ұқсатып жіберді. Көңіл-күй көтеріңкі болды. Қолдарына АҚШ жалауын көтерген жұрт мемлекеттік әнұранды айтып, арасында мексикалық бишілер билеп көлдей ағылды. Басқа ереуілшілер өздерін бейнекамераға түсіріп жатты. Ереуілге бүкіл отбасы болып шыққандар ән шырқап, би билеп жүрді. Жұрттың көңілі көтеріңкі болса да, ереуілге шыққандардың бірі - Гильермо Торрестің атап көрсеткеніндей, олардың талап-тілектері онша жеңіл емес еді.

Г.Т.: “Біз рақымшылық жасалғанын сұраймыз. Біздің тілегіміз – олар біздің атқарып жатқан ісімізді дұрыс бағаласын. Өйткені, Латын Америкасынан келгендердің арқасында Америка Қүұрама Штаттары, байқасаңыз, әлемдегі ең қуатты ел”.

Оның жанынан өтіп бара жатқан жұрт: “Біріккен халықты ешкім жеңе алмайды”, деп испан тілінде ән шырқап барады. Бұл ереуілді АҚШ-тың өкілдер палатасы ұсынған заң жобасына наразы болған иммигранттардың белсенділері ұйымдастырды. Ол жоба заңсыз иммигранттарды немесе елге заңсыз келгендерге саналы түрде көмек бергендерді қылмыскер ретінде қарастырады. Аталған жоба заңдық күшіне енуі үшін әзірше Сенаттан қолдау таппады. Оның орнына ереуілге шыққан халық осы күні АҚШ-тағы 11 млн. иммигранттың азаматтық алуына жол ашатын өзге заң жобасын қолдап отыр. Бұл жобаны қазір Сенат талқылап жатыр. АҚШ президенті Дж.Буш онша қолдай қоймаса да, Сенаттың бұл ұсынысы болашақта заңсыз иммигранттардың толқынын басып, АҚШ шекарасындағы қауіпсіздікті нығайтуға тиіс.

Дүйсенбідегі жаппай ереуілдің қандай экономикалық салдары болатынын кесіп айту қиын. Алайда, түрлі хабарға қарағанда, талай мейманхана мен басқа да коммерциялық кәсіпорын күні бойы жабық тұрса, өзге хабарлар бойынша, қызметкерлер жұмысқа аз шыққан. Иммигранттардың белсендісі Лита Трехо (Lita Trejo) АҚШ астанасының іргесіндегі Мэриленд штатындағы жиынға қатысты.

Л.Т.: “Қоймалардың көбісі жай ғана жабылып қалды. Өйткені, қызметкерлер жұмыста қарасын көрсетпеді. Өздерінің ашылмайтынын алдын-ала ескерткен өзге қоймалар, өзінің қызметкерлерімен ынтымақтастық білдіріп, бүгін жұмысқа келмеуіне мүмкіндік берді”. Мексика шекарасының бойына жыл сайын жарты миллион заңсыз иммигрант ағылып келеді. Олар, негізінен, ауыл-шаруашылығында, құрылыста, мейманханаларда және бағбан, жезөкше, қасапшы сынды жалақы аз төленетін жұмыстарды істейді. Ереуілге шыққан халық АҚШ Конгресінен заңсыз иммигранттарға рақымшылық жасауды талап етіп, Мексика шекарасының бойына қабырға тұрғызу ұсынысына бөгет қойды. Осы ұсынысқа қарсы болғандардың бірі - жүк мәшинесін жүргізуші Армандо Рохас еді.

А.Р.: “Менің ойымша, бұл – біздің Латын Америкасынан келгендермен ғана, жалпы иммигранттармен ынтымақтастығымызды көрсете алған санаулы күн болса керек”.

Ақ үй бұл ереуілге салқын қабақ көрсетті. Оның ресми өкілі Скотт Макклелланның айтуынша, АҚШ президенті Дж.Буш “ереуілдердің жанкүйері емес” және “ол иммиграция туралы заңға өзінің қол қоя алуы үшін оны Конгрестің жан-жақты талдағанын көргісі келеді”. Алайда ереулді ұйымдастырушылар 1950-інші жылдардағы тарихи қозғалыс тәрізді жалпы ұлттық қозғалыс құратындарын мәлімдеп отыр. 50-інші жылдардағы қозғалыстың нәтижесінде Американың афро-америкалық халқы заңдық шеттетуді жеңіп, азаматтық еркінддке қол жеткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG