Фридом Хаустың Алматыдағы тобының директоры Антонио Стангоның айтуынша, 2005 жылғы желтоқсанда болған президенттік сайлау науқаны кезінде БАҚ-дарының жағдайы нашарлай түскен. Президент Назарбаевтың отбасы мүшелері және оның қолдаушылары Қазақстандағы ақпарат құралдарының көбін өз бақылауына алған. Ал оппозициядағы журналистер жиі қысымға кезігіп, газеттер жабылып жатады.