Оған себеп, Сербия сәуірдің соңына дейін соғыс қылмыскері деп күдіктелінген Радко Младичты тұтқындау жөніндегі уәдесін орындай алмаған. Еуропа одағы, әскери қолбасшы Младичті 1995 жылы Сребреницадағы соғыс кезінде 8 мыңдай босниялық мұсылманды қырған деп айыптап, ол әділ сот алдында жауап беруі керек дейді. Ал Сербия бас министрінің орынбасары Лабуш үкіметтің Радко Младичты тұтқындай алмағандығы үшін қызметінен кетемін деді.