Accessibility links

Закария Моссауи өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізетін болды


2001 жылғы 11-қыркүйекте АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылды ұйымдастыруда астыртын атқарған ролі үшін сот Закария Моссауиді өмірлік түрме жазасына кесті. Оған бұл жазаны мерзімінен бұрын өтеп шығатындай ешбір мүмкіндік берілмейді. Моссауи қыркүйек шабуылына байланысты айыпталып, сотқа тартылған бірден бір адам. Шыққан тегі мароккалық, 37 жасар франция азаматы Моссауи қыркүйек шабуылынан үш апта бұрын тұтқындалған болатын, ол кейінірек берген жауабында Ақ үйге бағытталған бесінші ұшақтың штурвалында отыруы керек болғанын айтқан. Моссауи 3 мыңдай адамның өмірін қиған қыркүйектегі террорлық шабуыл үшін өкінбеймін деген. АҚШ президенті Дж. Буш қыркүйек шабуылына қуаныш білдірген жаудың жазаға тартылғанын құптап қарсы алды.
XS
SM
MD
LG