Accessibility links

Жұма күні Брюсселдің халықаралық әуежайында өрт болды


Өрт кесірінен екі сағат бойы әуежайы жұмысы тоқтап қалды, төрт қызметкер жарақаттанған, біреуінің халі ауыр жағдайда. Өрт жалыны түн ішінде жөндеу аңғарларының бірінде шыққан. Онда тұрған төрт ұшақ өртенген. Бұл ұшақтар Гректің, Бельгияның, Арабтың және Арменияның «Армавиа» компаниясынікі болған. Өрт сөндірушілер екі сағат бойы тілсіз жаумен арпалысты. Әуежай өкілі «Азаттық» радиосына өрттің шығуына лаңкестік әрекет себеп болды деп ойламаймыз дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG