Accessibility links

Иран президенті Махмұд Ахмединежад өз елінің ядролық даулы бағдарламасын тағы да қорғап сөйледі


Ол халықаралық заңға сәйкес Иранның ядролық қуатты ел болуға хұқы бар деп атап көрсеткен.

- Біздің бағытымыз халықаралық заңға сәйкестендірілген. Сіздер бізге қарсы болып отырған елдердің бізді айыптауына заңды негіздері жоқ екенін көріп отырсыздар. Оларда ядролық қуат бар, тіпті олардың ядролық қаруы да бар. Ал бізге сендер бейбіт мақсаттағы ядролық қуатқа да ие болмайсыңдар дейді. Егер ядролық қуат жаман нәрсе болса, неге олардың өздерінде ол бар, ал ол жақсы жайт болса, Иранның оны иеленуіне неге болмайды? Барлық елде бұл бар, - деді Иран президенті.

Ол бұл мәлімдемені Бакудегі аймақтық саммитте жасады.
XS
SM
MD
LG