Accessibility links

АҚШ вице-президенті Дик Ченей кеше Астандағы сапарында Ресейдің атына одан бұрын айтқан сын пікірлерін тағы қайталады


Ол Ресей қуат көздерін басқа елдерге қысым жасау құралы ретінде пайдаланады деген болатын. Қазақстан президентімен бірге өткізген баспасөз-мәслхатында сөйлей келе ол, Мәскеудің осындай кейбір саясатына қарамастан, Ресей бізге одақтас болып қала береді деді. Ресей ресмилері Ченейдің мұндай сын айтуына мүлде негіз жоқ деп жауап бере келіп, АҚШ вице-президенті жаңа қырғи-қабақ соғысты бастап отыр деп айыптады. Ченей Иранның даулы ядролық бағдарламасы туралы тоқтала келіп, Иран тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарудан бас тартқан Қазақстаннан үлгі алуы қажет деп атап көрсетті. Ченей бүгін Қазақстан оппозициясының өкілдерімен кездесуі тиіс.
XS
SM
MD
LG