Кеше Ауғанстанның сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта аймақтағы терроризмге қарсы бірлескен күреске көрші Пәкістан әлдеқайда көп үлес қоса алар еді деп мәлімдеді. Ол Ауғанстанның Пәкістанмен арадағы ынтымақтастығын жақсы бағалады. Бірақ, оның айтуынша, екі көрші ел одан да тығыз ынтымақтастуға тиіс. Осы аймақтағы лаңкестіктің орталығы – Ауғанстанның сыртында орналасқан, деп мәлімдеген ауған министрі – “Ауғанстаннан қуылған Талибан қозғалысы мен “Әл-Қаида” ұйымы Пәкістанның ішінде әрекет етіп жатыр” дегенге келтірді. Өткен аптада АҚШ өкілі де дәл осылай деп атап көрсеткен болатын. Кеше Пәкістанның ресми өкілі бұл пікірге “жауапсыз мәлімдеме” деп жауап қайтарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV