Accessibility links

Ирақта жанкешті-лаңкестердің шабуылдары үдей түсіп, кісі өлімі көбейді


Кеше Ирақтың Кербала қаласында бомбамен нақышталған автокөлік жарылып, кем дегенде 15 адам қаза болды. Осы күні Бағдадтың маңындағы негізінен сүнниттер тұратын Аадһамия қаласында жанкешті-лаңкес отырған автокөлік көкке ұшып, одан кемінде тағы 8 кісі көз жұмды. Оған қоса кеше Бағдадтың 2 ауданынан денелерінде тиген оқтың іздері бар 43 кісінің өлігі табылды. Ирақтағы мұндай қантөгіс жаңа премьер-министр Нури Әл-Мәлики ұлтты біріктіретін үкіметті жасақтап жатқан кезде орын алып отыр.
XS
SM
MD
LG