АЛЕКСАНДРИЯ. Өмірінің соңына дейін түрмеге кесілген Закария Муссаиудің 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі лаңкестік шабуылға “қатысым жоқ” деген өтінішін АҚШ соты қабылдамады. Судьяның мәлімдеуінше, АҚШ-тың федералдық заңына сәйкес, сот үкімімен жазаға кесілген адамның өтініші қайта қаралмайды. Кеше жарияланған сот қағаздарында Закария Муссауи сот отырысында өзінің 11-інші қыркүйектегі шабуылға қатысуға тиіс болғанын айтқанда, жалған айтқанын мәлімдеп, өзінің ісін қайта қарауды сұрап сотқа өтініш берген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр