Accessibility links

2-нші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті бүгін ТМД елдері және Қазақстан атап өтеді


АСТАНА-МӘСКЕУ. Бүгін – 9-ыншы мамыр күні – Қазақстан мен Ресейде, Украинада және ТМД-ның басқа елдерінде фашистік Германияға қарсы 2-нші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 61-жылдығын – “Жеңіс күнін” тойлайды. Мерекелік ең үлкен шара - әдеттегідей Мәскеудегі Қызыл алаңда өтеді. Қызыл алаңда дәстүрлі әскери шеру өтуге тиіс. Осы күні ТМД елдерінің 100-деген қаласында соғыс ардагерлерімен кездесіп, құттықтап-құрметтеу, соғыс құрбандарына арналған ескерткіштерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қою сынды мерекелік шаралар болады.
XS
SM
MD
LG