Accessibility links

Ирақта қаза болған АҚШ жауынгерлерінің қатары тағы 2 адаммен толықты


БАҒДАД. Кеше Ирақта АҚШ-тың 2 әскери қызметкері қаза тапты. Біреуі Бағдадта жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан қаза болса, екіншісі – көтерілісшілермен Бағдад іргесінде болған атыста оққа ұшты. Сондай-ақ кеше Бағдадта таяуда ғана хабар-ошарсыз жоғалған 2 Ирақ журналисінің өлігі табылды. Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы түрмеден 300-дей тұтқынның босатылатынын хабарлады. Мұндай шешім әлгі тұтқындардың істерін Ирақ пен коалициялық күштердің өкілдерінен құрылған арнайы комиссия қайта қараған соң қабылданып отыр.
XS
SM
MD
LG