Accessibility links

Жаңа туған сәбилер мен аналардың өлімі жағынан АҚШ пен Англия 10-ыншы орында


ВАШИНГТОН. Жаңа зерттеудің нәтижесіне қарағанда, Ауғанстан мен Ирақ және Пәкістан – жаңа туған сәбилердің арасындағы өлім деңгейі ең жоғары елдердің қатарына жатады. Штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан тәуелсіз “Сәбилерді құтқару” қайырымдылық ұйымының жүргізген зерттеуі бойынша, жаңа туған әрбір 1 мың сәбидің 65-сі қайтыс болатын Африканың Либерия елі бірінші тұрса, 1 мың сәбидің 60-сы көз жұматын Ауғанстан оның ізін басып келеді, үшінші-төртінші болып тұрған Ирақ пен Сьерра-Леоне елінде 59 сәби қайтыс болады. Ал Пәкістанда әрбір мың сәбидің 58-і дүние салады екен. Сәбилер мен аналардың өліміне себеп болған жайттардың ішінде сауатсыздық, жоқшылық, тойып ас ішпеу, тазалықтың жоқтығы мен денсаулық сақтау жүйесінің мешеулігі айтылады. Осы көрсеткіштерімен Швеция көш басында келе жатса, АҚШ пен Англия 1-ыншы болып тұр.
XS
SM
MD
LG