Accessibility links

Адам құқықтарын қорғайтын жаңа Кеңеске 47 ел мүше болып сайлануға тиіс


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін БҰҰ-ының Бас Ассамблеясы өзінің адам құқықтары бойынша жаңа Кеңесінің мүшелерін сайлауға тиіс. Жаңа Кеңес - өзінің жұмысына адам құқықтары аяққа таптаған елдерді қатыстыруымен өз атына кір тигізген Комиссияның орнына құрылды. Құрамында 47 мүшесі болуға тиіс бұл Кеңеске мүше болғысы келген елдер БҰҰ-ының құрамындағы 191 мемлекеттің кем дегенде 96-сының дауысын алуы керек. Өзін мүше болуға ұсынған елдердің ішінде Иран, Ирақ, Куба, Сауд Арабиясы, Қытай, Пәкістан және Ресей бар. АҚШ оған мүше болғысы келмейді. Кезінде ресми Вашингтон жаңа Кеңесті құруға қарсы даус берген болатын.
XS
SM
MD
LG