Президент Құрманбек Бакиев елдің бұрынғы бас прокуроры Бусурманқул Табалдиевті Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің басшысы етіп тағайындады. Ал мемлекеттік хатшы Дастан Сарығұлов қызметінен кеткен соң, оның орнына премьер-министрдің орынбасары Адахам Мадумаров тағайындалды. Сонымен қатар президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.