Accessibility links

Ауғаныстан ана мен бала өлімі жағынан әлемде екінші орында тұр


АҚШ-тың “Балаларды қорғау” қоғамдық ұйымының жаңа зерттеулері әлем бойынша дүниеге жаңа келген сәбилердің өлімі Ауғаныстан, Пәкістан және Ирақ елдерінде көбейгенін көрсетіп отыр. Оның ішінде Ауғаныстан Либериядан кейінгі орынды басып, бұл елде дүниеге келген 1 мың сәбидің 60-ы шетінеп кетеді екен. Сол сияқты әлем бойынша Ауғаныстан аналар өлімі жағынан екінші орын алып, 16 пайыз ауған әйелі жүкті кезінде немесе босану үстінде көз жұматынын соңғы зерттеулер көрсетіп отыр. Балаларды қорғау ұйымының хабарына қарағанда, Ауғаныстан сияқты елде аяғы ауыр әйелдерге қажетті жақсы күтім болмағандықтан, аналар мен балалар өлімі жиі кездеседі.

Жақында Ауғаныстанның шығысындағы Нандағар провинциясында Голандам деген әйел өзінің баласын ауылдағы үйінде туған. Ол жерде жас келіншекке көмектесетін дәрігер де акушер де болмаған. Голандам мен оның сәбиі баланың туылуы кезінде орын алған қиындықтардан қайтыс болыпты. Бұл оқиға жайында оның көршісі Ауған қызметіне берген сұхбатында былай деген:

“Көп отбасылар аяғы ауыр әйелдің денсаулығы мен оның сәбиінің туылу кезінде алаңдаушылық танытты. Менің кедей тұратын көршім осыған дейін үш бала туып, төртіншісін босанып жатқанда көз жұмды. Оның толғағы келгенде біз ол жерге бардық, ол өте қиын жағдайда босанды. Баланың жолдасы жатырында қалып қойып, ол ана өмірден озды, артында үш баласын қалдырып кетті”.

Босану кезінде қаза болған Голандамнның жағдайы әдеттен тыс оқиға емес. Үкіметтік емес ұйымның көрсеткіштеріне сүйенсек, Ауғаныстанда аяғы ауыр болғанына байланысты әйелдер әрбір 30 минут сайын көз жұмады екен. Тек 16 проценттей ғана жүкті ана екіқабат әйелдерге қажетті күтімді көреді. Мәселен, Ауғаныстанда дүниеге келген 1000 сәбидің 60-ы шетінесе, бес жасқа дейінгі 5 баланың біреуі көз жұматыны айтылып отыр. Балаларды қорғау ұйымының денсаулық мәселесі бойынша кеңесшісі Режина Кейт Азаттық радиосына берген сұхбатында, ана мен жаңа туған бала өлімінің көп болуына бір себеп, көптеген әйел дәрігердің көмегінсіз үйде босанады.

“Оның бір себебі көп баланың туылуы - Ауғаныстанда үйде орын алады. Басқаша айтқанда, біз егер сіздің балаңызды тудырып алатын тәжірбиелі адам болса да тыныс алдыру мен инфекция жұқтыру сынды мәселелер баланың өліп кету мүмкіндігін тудыратынын білеміз. Сондықтан, бала туатын әйелдің денсаулығын күту немесе дүниеге жаңа келген сәбиді бірінші аптада күтіп бағудың бір әсері осы”.

Ауғаныстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Надерах Хаят Борхан, сәбилердің көбі алдын-ала кәдімгі егу және санитарлық көмекті қабылдамағандықтан ауруға шалдығып шетінен кетеді дейді.

“Көп сәбидің шетінеу оқиғасы - іш өту мен тыныс алу жолына инфекция түскеннен болады. Өкінішке қарай, біздің балаларымыздың 70 проценті алдын-алуға болатын немесе емделетін аурудан көз жұмады”.

Сауатсыздық, кедейлік және денсаулық сақтау жүйесінің ақсап жатуы Ауғаныстанда ана мен бала өлімінің көбеюіне әкеліп отыр. Көптеген емханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінде қажетті жабдықтар мен кәсіби мамандар жетіспейді. Ол жерде 50 мың адамға бір дәрігер ғана қызмет көрсетеді екен. Денсаулық сақтау қызметкерлері шет аймақтағы көптеген әйел аналар мен акушер медбикелерді жаттығудан өткізіп, оқытуды қолға алған. Оларға баланы қалай емізу мен тазалық туралы да кеңес беріледі.

Сәуір айында Францияның балалар денсаулығы жөніндегі медициналық орталығы қайырымдылық қорын алып 100 төсектік емханада бүкіл Ауғаныстаннан бүлдіршіндерді қабылдап емдей бастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG