Accessibility links

Жаңадан құрылған Адам Құқықтары жөніндегі Кеңеске 47 ел мүше болды


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы сейсенбі күні, Адам Құқықтары жөніндегі жаңа Кеңеске 47 елді мүшелікке сайлады. Бас пәтері Женевада болатын бұл Кеңес бұрынғы “Адам құқықтары” комиссиясының орнын басатын болады. Кезінде ол комиссия құрамында адам құқықтары өрескел бұзылып отырған елдер болғандықтан қатты сыналған болатын. Енді міне, жаңа Кеңестің құрамына да адам құқықтарының сақталуы төмен көрсеткіштегі елдер, оның ішінде Ресей, Әзірбайжан және Қытай елі кіріп отыр.

Құқық қорғаушы топтар сейсенбі күнгі дауыс берулер БҰҰ Құқық қорғау жөніндегі Кеңесін дамыту үшін болды деп айтты. Human Rights Watch-тың атқарушы директоры Кеннетц Ротцтың айтуынша, тіпті кейбір елдер өз мемлекетінде құқық қорғамай орынды иеленіп отыр деп танылса да ең маңызды қадам біз жасаған прогрестер деген.

БҰҰ-ның жаңа құрылған Адам Құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңесіндегі орынды жеңіп алған 47 мемлекеттің алтауы әлемдегі адам құқықтары қатты бұзылып отыр деген Нью-Йорктегі Human Rights Watch-тың тізіміндегі елдер. Оларды атап өтер болсақ, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Сауд Арабия және Куба елдері. Бірақ, жаңа Кеңестің құрамында бұрынғы Адам құқықтары комиссиясының көрсеткіші төмен елдері жоқ. Ол Ливия мен Судан сияқты елдер сыни қарарларға қарсы дауыс беріп, БҰҰ-ның адам құқықтары мекемесінің беделіне халықаралық нұқсан келтірген.

Соңғы дауыс берулерден кейін жаңа мүшелердің көбі Адам құқын қорғау жөніндегі Кеңесті сәтті құру үшін көп жұмыс істеуге сөз берісті. БҰҰ-дағы Германияның елшісі Гунтер Плеугер өз елінің ұстанымын былай жеткізді:

“Бұл Кеңес пен оның бүгін сайланған мүше елдері бұл Кеңесті нәтижелі ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, өйткені біздің Кеңес үшін дауыс бергендегі бірден бір ойымыз сол болған. Бұл кеңеске балама адам құқықтарын қорғау үшін басқа жиын бола алмайды”.

Бұл орындарды жеңудің өзі оңай болмаған. Кандидаттар Бас Ассамблеяға мүше 191 елдің ең кемінде 96- дауысын алу керек болған. Иран, Ирақ және Қырғызстан мүшелікке өтініш беріп, бірақ өтпей қалған.

Орындар үшін бәсекелестік әсіресе шығыс еуропалық топтардың кандидадтары арасында қыза түскен. Онда алты мүшелік үшін үш қайтара дауыс берулер болып, Әзірбайжан, Чехия, Польша, Румыния, Ресей және Украина елдерінің топтарына дауыс беруде пікір-талас болған. Бұл жаңа Кеңестің тізімінде сайлауға түсуге тырыспаған бір ел АҚШ-тарының аты аталмайды.

Уашингтон адам құқықтарын қорғау жөніндегі бұл жаңа Кеңесте адам құқтарын өрескел бұзатын елдердің кеңеске өтулеріне тосқауыл қойылмаған дейді. Бұл тұрғыда АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Джон Болтон Уашингтон бақылаушы ретіндегі ролін шектейтін болады деп айтқан:

“Біз негізінде сыртқы жақта қалып көбірек ықпалды бола аламыз. Және оның себебі Құрама Штаттардың Кеңеске қатысу турасындағы қандай да бір шешімі оның алдындағы Комиссиядан гөрі іс жүзінде жақсырақ болуына байланысты болады” деген Болтон.

Уашингтонның бұл ұстанымы жаңа құрылған Кеңес мүшелері құқық тәртіптерін реттей алмайды деп отыр. Дегенмен, БҰҰ-ның ресмилері ондай мәселе Кеңестің жұмысы басталған соң қайта оралатын боламыз деп айтқан болатын.

Адам Құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа Кеңестің бірінші отырысы осы жылдағы маусымның 19-ында өтеді деп жоспарланған. Ал кеңестің жиындары жылына үш реттен аз болмауы керек. Демек жалпысы 10 аптадай басқосулар болады.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG