Сербия үкіметінің өкілі Зоран Лончар соғыс қылмысын жасады деп айтылатын Ратко Младич санаулы күндері ұсталуы мүмкін деп мәлімдеді. Босния Сербтері әскерінің азаматтық соғыс кезіндегі қолбасшысы Ратко Младич Гаага халықаралық сотына таяу күндері жеткізілуі мүмкін деп айтылды. Сербия және Черногория сыртқы істер министрі Вук Драскович болса Ратко Младичты бұрынғы Югославия президенті Слободан Милошевичтың адамдары паналап отыр деп айтты кеше. Ал Сербия қауіпсіздік мекемесінің бұрынғы басшысы Горан Петрович үкімет адамдарының Младичты іздеп жатырмыз деген сөздерін мазақ деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі