Accessibility links

Бақұба қаласында шиит кесенесіне зақым келді


Ирақтың Бақұба қаласында шиит кесенесіне бірнеше бомба шабуылдардың салдарынан зақым келді. Абұлла Әли Әл-Хади имам кесенесінде бомба шабуылдары кеше кешке орын алды. Адам шығыны жоқ. Бақұба қаласында сүнниттер мен шиитер қатар тұрады, екі топ арасындағы текетірес қазір аса қатты. Бағдадта кеше Ирақ соты бастығының ұлы өлтірілді. Бағдад маңында кеше бес Ирақ азаматы және бір америкалық сарбаз өлтірілді.
XS
SM
MD
LG