Accessibility links

Қазақстан Омбдусменінің жұмысын қалай жетілдіру керек?


Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру қажет деген пікірде. Құқық қорғаушы ұйымдар Омбудсменнің құзыретін заң арқылы кеңейту қажет десе, енді бірі әр саладағы құқық қорғаушы уәкілдің санын арттыру керек дейді.

Қазақстанда ұлттық омбудсменнің құрылғанына төрт жыл болды. Бұған дейін Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл президенттің қарамағында болатын. Соңғы төрт жыл аралықта Омбудсменнің қызметі демократиялвқ талаптарға сай болды ма деген сауалға халықаралық сарапшылар мен қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар әртүрлі баға береді.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова елде балалардың құқығын қорғайтын балалар омбудсмені керек деп есептейді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5 млн.дай бала бар. Олардың 3 млн.ға жуығы мектеп жасындағы оқушылар. Ал олардың құқықтарының қорғалуы көбінесе қоғам назарынан тыс қалып қояды дейді білім министрі Бірғаным Әйтімованың сөздеріне қарағанда, Израилде екі жасқа дейінгі сәбиге қол көтерген ата-ана екі жыл бас бостандығынан айырылады.

Ал Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның директоры Евгений Жовтис Қазақстандағы Омбдусменнің жұмысы халықаралық талаптарға сай болуы үшін ең алдымен Конституцияға өзгерістер енгізіп, Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жөнінде Конституцияға арнайы тарау енгізу керек деп түсінеді.

«Екіншіден, Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл туралы арнайы заң қабылдау қажет. Үшіншіден, Қазақстан президенттің басқаруындағы мемлекет болғандықтан омбудсменді президент тағайындаған дұрыс, бірақ оны парламент бекіту керек» дейді, Қазақстандық Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның директоры Евгений Жовтис.

Ал, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ермек Жұмабаев Евгений Жовтистің айтқандарымен келіспейді. Құқық қорғаушы қоғамдық ұйымның өкілі Марат Бәшімов Омбудсменнің құзыретін кеңейтуді басқа жолдармен де қарастыруға болады деп есептейді. Қазақстандағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Байқадамовтың өзі елде мамандандырылған құқық қорғаушы мекемелердің көп болғанын қалайды.

«Сол кезде адам құқығы мәселесі қоғамның назарында брінші тұрады. Ал қазір ұлттық орталық біреу ғана болғандықтан, адам құқығы мәселесі қоғам назарынан тыс қалып жатады», - дейді Болат Байқадамов.
XS
SM
MD
LG