Еуроодақ сыртқы істер министрлері Өзбекстандағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Олар өткен жылғы Әндіжан оқиғасына қатысты халықаралық тергеу өткізілмегеніне, құқық қорғаушылардың билік тарапынан қудаланғанына және БҰҰ-ның босқындар мәселелері бойынша агенттігінің Ташкендегі кеңсесінің жабылуына байланысты қатты алаңдап отырмыз дейді. Еуроодақ министрлерінің айтуынша, қараша айында Өзбекстан билігіне қарсы енгізілген санкциялар әлі өз қалпында тұр. Ресми Ташкент Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты, олардың көбі лаңкестер десе, ал куәгерлер мен адам хұқтарын қорғаушы топтардың айтуынша, үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атып, жүздеген қарапайым халықты өлтірген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV