Кеңсесі Венада орналасқан халықаралық ұйым Европаның адам хұқтары жөніндегі өкілін Шешенстанда құпия түрмелердің бар-жоқтығын зерттеуге шақырды. Адам хұқтары бойынша Хельсинки федерациясының “Шешенстан Республикасындағы бейресми абақтылар” деп аталатын баяндамасында Шешенстанда жасырын түрмелер жұмыс істейді делінген. Аталмыш ұйымның хабарлауынша, бұл баяндама Еуропаның кейбір елдерінде АҚШ Орталық Барлау Агенттігінің жасырын түрмелері бар болуы мүмкін деген дерек-мәліметтер бойынша жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарының басшысы Дик Мартиге жіберілген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV