Accessibility links

Нацистік Германия тұсындағы архив деректері жұртқа жариялы етілмек


Германияның Бад Аролсен қаласындағы архивте нацистік Германия тұсындағы 17 миллионнан астам Холокост құрбандары жайлы мол құжаттар жинақталған. Бұл мұрағаттың көпшілік зерттеушілер үшін ашық болуына Германия үкіметі бірнеше онжылдықтардан бері қарсы болып келген еді. Сейсенбі күні бұл үкімет өз райынан қайтқандығын, аталған мұрағаттың ашылатындығын мәлімдеген еді.

Екінші дүние жүзлік соғыс кезінде фашистік Германияның құрбандарына айналғын 17 миллион адам жөнінде, Холокост қырғынының тарихы, себептері мен салдарлары туралы мәліметтер бірнеше мыңдаған кітаптар мен мұрағат құжаттарына, деректі фильмдер өзегіне айналған. Сондықтан өткен жарты ғасыр бойы, біз сөз еткелі отырған, өте үлкен мұрағаттардың бірінің зерттеушілер үшін толығымен жабық болып келгені таң қаларлық іс еді.

Бад Аролсен қаласындағы бұл мұрағатта шамамен 50 миллиондай құжаттар сақталған екен. Ол құжаттарды жеңіске жеткен одақтастар өкілдері соғыс соңында жинастырған боп шықты. Сөйтіп бұл құжаттар халықаралық Қызыл крес комитетінің қарауына тапсырылған екен. Содан кейін 1955-ші жылғы халықаралық келісім бойынша ол құжаттарға 11 ел ие деп анықталған. Ол елдер- Құрама Штаттары, Британия, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Голландия, Греция, Израйль, Польша және Люксембург.

Әлгі аталған елдер ішінде кейбір мемлекеттер бұл мұрағаттың ашық болуы үшін бірнеше жылдан бері әрекеттер жасап келген екен. Ұзақ жылғы тойтарыстан кейін, ақыр соңында Германия үкіметі бұл мұрағатты ашық деп жариялау жөнінде көкектің 18-і күні мәлімдеген болатын. Бұл жөніндегі мәлімдемені Германия Әділет министрі Бригит Зиприс Уашингтонда жасаған еді. Холокостты зерттеу, есте сақтау және осы жөнінде білім беру бойынша халықаралық әріптестік ұйымының хатшысы Карел Фрацапане Азаттық радиосына берген сұхбатында мұрағаттың ұзақ жылдар жабық болу себебі жөнінде былай деді:

“Оның ең басты себебі, бұл орынның мұрағаттық орталық емес, халықаралық із кесу қызметі болғандығында еді. Сондықтан бұл мекеме тек өз жеке бастары мен отбасы мүшелері үшін, сондай-ақ осы із кесу қызметі аясында жеке мәліметтерді зерттеп жүргендердің өтініші бойынша ғана ашық болды. Ең басында мақсат- қайырымдылық тұрғысында болды. Дей тұрғанмен, қазір жағдай өзгерді. Қырғыннан аман қалғандардың көбісі қазір дүниеден өткен. Сонымен біз қазір тарих пен тарихи зерттеулер дәуіріне аяқ бастық. Сондықтан да, тарихи тұрғыдан қарағанда мұның өзі мұрағат ретінде де маңызды”.

Фрацапане мырзаның айтуынша, біріншіден жекелеген фактілер себеп болды. Сондай-ақ, әрине соғыс жылдарындағы Германияның жасаған тірліктері үшін бейбіт замандағы Германия үкіметі жауапқа тартылғысы келмеген.
XS
SM
MD
LG