Accessibility links

“Код Да Винчи” киносын әлемдік христиан жетекшілері сынап отыр


Новелла мен Голливуд кинолардың үлкен пікір-қайшылықтар туғызып, халықаралық жаңалықтардың алдыңғы сабына шығуы сирек кездеседі. Ал бірақ, осындай өнер туындысының бірі - Код Да Винчи неге наразылық тудырып отыр.

Әлемдегі христиан дінінің жетекшілері бүгін Канндағы кино фестивальде ашылатын «Код Да Винчи» фильмін қатты сынға алуда. Бұл фильмге байланысты наразылықтар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсы мұсылмандардың ашуланғаны сияқты, Ватикан мен басқа жерлердегі христиандар арасында көбейіп отыр.

Американдық жазушы Дэн Браунның «Код Да Винчи» романы бойынша түсірілген фильмді христиан дін өкілдері кәдімгі қорлаушылық деп отыр. Ондағы оқиға былай өрбіген, Рим-Католик шіркеуінде 2000 жыл бойы “қара-түнек құпия” өлім жағдайларымен қоса ашылмай келген. Иса пайғамбар шіркеу дәрістерін беріп жүргеніне қарамастан, анығында үйленіп, бір баланың әкесі болып, қазірде оның ұрпақтары тірі екені айтылады. Бейсенбі күні әлем елдері бойынша кинотеатрларда тұсау кесері болатын бұл «Код Да Винчи» фильмінен үзіндісін келтірсек, онда басты рольде американдық белгілі киноактерТом Хэнкс ойнайды:

“Бірінші дауыс: қоюшы режиссер Рон Ховард десе, екінші дауыс: Сіз өте үлкен құпияны сақтау үшін соғыс ортасында тұрсыз. Егер ол ашылса, ол адамзаттың құндылықтарын жоқ қылады. Оқиғаны көргендер адамзат тарихындағы ең үлкен шындықты ашады”, - деп басталады бұл фильм.

Бұл кино әлемдегі христиандық діни жетекшілерден бастап Ватикандағы дін басшыларының наразылығын тудырды. Американдық журналист әрі Қасиетті Ватикан туралы бірнеше кітаптың авторы Джон Эллен өз ойын былай жеткізеді:

- Қазір мұнда жалпы Ватиканның сегіз ресми өкілі қоғам алдына шығып, «Код Да Винчиді» сынға алды. Барлық жағынан алғанда бұл әдеттен тыс жағдай болды. Әдетте Ватикан мәдени жұмыстар, яғни кино мен новеллаларға ешқандай пікір айтпайды. Дегенмен, сіз новелланың көшірмесін 45 млн-ға сатсаңыз әрі бұл фильм кинотеатрдағы маусымдық кезеңді басып қалса, оның бәрі мән бермейтін мәселе емес. Менің пікірімше, біз соны Ватиканнан көріп тұрмыз.

Өткен аптада Бенедикт папасына жақын ресмилер «Код Да Винчи» новелласын айыптап, онда христиандарға қарсы өтірік оқиғалар айтылғандықтан, католиктерді бұл фильмге бармауға, оған “байкот” жариялауға шақырды. Архиепископ Анжело Амато, егер осындай өтірік пен жалған оқиғалар Құран мен Холокостта болған болса, олар дүниежүзінде көтеріліс жасаған болар еді деп айтқан.

Оның сөзін сондай-ақ, Прагадағы Чех кардиналы, діни жетекші Мирослав Влкте қостап, егер бұл оқиға Иса пайғамбар емес Мұхаммед пайғамбар туралы болғанда, мұсылмандар дүние жүзіндегі кинотеатрлардың бәрін өрттеп тастар еді деген.

Бірақ, Ватикан өкілі Аматоның сөздері кейбір бақылаушыларды шошытты. Бақылаушылар осы жылы мұсылмандардың Данияда басылған Мұхаммед пайғамбардың бейнесін келемеждеген карикатура басып шығарғаны үшін жасаған көтерілісі сияқты, италяндық дін өкілі христиандардың ғаламдық көтерілісін қолдап отырғандай кейіпте дегенді айтады. Алайда журналист Джон Эллен, Амато мен басқа да Ватикандық діни жетекшілердің христиандарды наразылық танытуға шақырып отырғаны басқа бағытта дейді.

“Мен архиепископ Аматоның айтайын деген ойы - қоғамдық орындарды өрттеп, көшедегі көліктерді аударып тастайтын қақтығыс емес екеніне әбден сенімдімін. Менің пікірімше, оның ойы Католиктердің айыптауларын ашық білдіріп, католик әйел мен ерлерді шіркеу өкілінің басты принциптерін қорғауға шақырып отыр”.

Бірақ, батыстықтардың көбі ол фильмге онша алаңдап отырған жоқ. Римде жүрген американдық саяхатшы Чарли Симино өзінің пікірін былай білдіреді:

“Егер сіз киноны ұнатпасаңыз, содан ол киноны көрмейсіз. Ол сіздің жеке пікіріңіз. Ал, егер киноны жақсы көрсеңіз, оны, әлбетте, көруге барасыз”.

Десе де Азия елдеріндегі бұл фильмге қатысты пікірлер әртүрлі. Ондағы Ислам, Буддизм сияқты діндер арасында христиандықтар азшылық болып саналғандықтан, олар өз діндерінің дұрыстығын дәлелдеуге күш салады. Сондықтан болар, Азиядағы христиандар бұл киноның жарыққа шығуына өте қатты пікір білдіріп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG