АҚШ-тың Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ирақтағы әскерлер санын жыл соңына дейін көбірек қысқартуға елдегі жағдай мүмкіндік бере ме дегенге өзінің сенімсіз екенін айтты. Рамсфельд АҚШ Конгресінде, егер Ирақтың қауіпсіздік күштері елді қорғауға дайын болмай жатып, Құрама Штаттар бұл елден әскерін шығарса, ол Иран үкіметі үшін тиімді болуы мүмкін деп айтқан.