Accessibility links

Баспасөзге шолу. 05.19.2006 жыл


Жұма күнгі баспасөз Алматыда қолға түскен миллионер туралы сөз етті. «Қазақтелеком» монополиясына қатысты қатаң шара да көпшіліктің назарына ілігіп отыр.

«Алматыда қашқын миллионер қолға түсті» деп жазады «Караван» басылымы. «Шахармұнайгаз» компаниясының құрылтайшысы Бауыржан Нүрпейісов зейнеткерлік қордағы және кәсіптегі әріптестерінің 12 жарым миллион долларын қалтаға басып, көзден ғайып болған еді. Оның қарамағында «Шахар Холдингі», «ХитТВ» телеканалы, «Шахар» радиостанциясы, сауда үйі және басқа да табыс әкелетін орындары болған. Әділет орындарының Нүрпейісовтың соңына түскеніне 3 жарым жыл болыпты», деп жазылған мақалада. Қашқын жалған құжат жасатып, басқа кісінің есімімен Қазақстан аумағында еркін өмір сүрген. Қоолға түскен сәтте оның бетіне қолдан жасалған сақал жапсырылыпты. Нүрпейісовтың әрекетіне қатысты қозғалған қылмыстық іс парақтары том-том болып жатыр» деп жазады «Караван» газеті.

Баспасөзде кеңінен талқыланып жатқан тағы бір тақырып – «Қазақтелекомның» монополиясына қарсы күрес туралы. Осы мәселеге қатысты «Егемен Қазақстан» газеті былай деп жазады: «Рыноктағы үстемдігі 90 пайызға дейін жеткен табиғи моноплистің қызметі телекоммуникация рыногындағы бәсекелестікке кедергі келтіріп отыр. Сондықтан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамын монополистік құрылым ретінде бөлшектеу мәселесі қылаң берді». Мақалада сонымен қатар, премьер-министр Д. Ахметовтың «оны жүзеге асырудың бізде заңдық негіздері бар» деген мәлімдемесі келтірілген.

«Новое поколение» газеті осыған қатысты мақаласында «Қазақтелеком» монополиясына қарсы шараның толық жоспары тамыз айында бекітіледі» делінген. Қазіргі жоба бойынша аталған компания бірнеше салалық компанияларға бөлінуі мүмкін. Жыл сайын Қазақстанда қалалық телефон абоненттері шамамен 1 пайызға өсіп отырады екен. Ал «Қазақтелекомның» табысы 27 пайызға өседі. Үкіметтің есептеуі бойынша, мұндай жағдай тарифті көтеру арқылы жүзеге асып отырған. Сондай-ақ «Қазақтелеком» Қазақстандағы ұялы байланыстың 49 пайызын өз қолына шоғырландырып отыр» деп жазады «Новое поколение» газеті.

Телекоммуникая ғана емес, әуе тасымалы саласында да үлкен өзгерістер болғалы жатқандығы туралы «Караван» газетінде баяндалған. «Кеңес одағы кезінде шығарылған ескі ұшақтар алдағы бес жылдың көлемінде Қазақстан аумағында ұшпайтын болады» деп хабарлайды «Караван». Көлік және коммуникациялар министрлігінің жоспары осындай. Алайда жаңа ұшақтарды сатып алуға қанша қаржы қажет екендігін әзірге ешкім білмейді» делінген мақалада. Әуе тасымалымен айланысатындар үкіметтің мұндай оптимистиік бастамасын қолдап отырған жоқ. Қарапайым ғана себеп – жеке әуекомпанияларында ұшақтарын жаңалай қоятын қаржы жоқ. Бір ғана әуе ұшағын қолданылған мерзіміне қарай 50 мыңнан миллион доллар аралықтағы сомаға сатып алуға болады екен. Қазіргі таңда мемлекеттік тіркеуде 649 ұшақ және 96 тікұшақ бар. Әрқайсысының орта жасы 25 жыл. Ал тікұшақтардың жарамды мерзімі 25-30 жыл деп есептелінген. Азаматтық әуе комитетінің маманы Амантай Жолдыбаевтың аутынша, Қазақстандағы көліктердің 60 пайызы ғана қауіпсіздік шарттарына жауап бере алады екен» деп жазады «Караван» газеті.

Бұл уақытта «Үкімет өңірлік әуе компаниясын құруды қолға алды» деген ақпарат «Егемен Қазақстан» газетінде басылды. «Жаңадан құрылған компания үшін заман талабына сай ұшақтар сатып алынады. Жобаның басты мақсаты – ішкі рыноктағы жолаушылар тасымалын шешу», делінген мақалада. Компания сондай-ақ таяу шетел мемлекеттеріне әуе сапарын жүзеге асырады. Тасымал бағасы да елеулі түрде төмендейтін болады» деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG