Палестина барлау қызметінің бастығы ауыр жарақат алған. Барлау қызметкерлері шабуыл жасаушылардың өз басшыларын нысанаға алғандығын айтады. Генерал Тарик Абу Раджаб Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббастың жақын серігі. Палестина автономиясында соңғы кездері билік басындағы Хамас қозғалысы мен Махмұд Аббас жағындағы қауіпсіздік күштері арасында жағдай шиеленісіп барады.