КАБУЛ. Бүгін Ауғанстан астанасы - Кабулда жанкешті-лаңкес өзінің автокөлігін жарып, өзімен бірге тағы 3 адам қаза болды. Бұл қастандық АҚШ бастаған коалициялық күштер мен НАТО-ның тұрақтылық күштерінің бірнеше базасын байланыстыратын жолдың бойында болды. Жауынгерлердің ішінен жапа шеккен жоқ. Жарылыс - жол бойында тұрған бірнеше автокөлікті өртеп, өтіп бара жатқан жүк мәшинесінің жүргізушісі мен жолаушы қаза болды.