ЕРЕВАН. Бүгін Армения парламентінің төрағасы ресми түрде қызметінен кетті. Артур Багдасарян - ресми биліктің ішкі және сыртқы саясатымен келіспеуіне байланысты парламент спикерлігінен кетпек жоспарын, ал ол бастаған “Оринатс Иеркир” партиясының – үкімет құрамынан шығатынын осы айдың басында жариялаған болатын. Бүгін Багдасарян Арменияның Ресеймен емес, Еуропа Одағымен жақын қарым-қатынас орнатқанын қалайтынын мәлімдеді.